жұма, 27 желтоқсан, 2024 16:48

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Облыс әкімі бизнес-омбудсменмен кездесті

Облыс әкімі бизнес-омбудсменмен кездесті
ашық дереккөзі
Облыс әкімі бизнес-омбудсменмен кездесті
  Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов ҚР Кәсіпкерлерінің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсіновпен кездесті. Жамбыл облысында қазіргі таңда 84 811 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға артық. Кәсіпкерлік саласында 129 мың адам жұмыспен қамтылып, көрсеткіш 4,8 пайызға өскен. Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында ШОБ субъектілері 116,2 млрд. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,6 пайызға артық. – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша облыста кәсіпкерлікті қолдаудың барлық мүмкіндіктері тиімді пайдаланылуда. Мемлекеттік қолдау кәсібін ашқысы келетін немесе кәсібін кеңейтемін деген әрбір адамға жетуі керек. Өзекті мәселелер барлық мүдделі тараптардың бірлескен күшімен шешілуде, – деді облыс әкімі. Аймақ басшысы бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнату үшін төрт арнайы алаң іске қосылғанын атап өтті. Олар: инвестициялық штаб, облыстық прокуратура жанынан құрылған сараптамалық кеңес, кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесінің көмегімен құрылған платформа, іскер әйелдер кеңесі. Бизнес-омбудсмен Жамбыл облысында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады. – Өңірлер бойынша Жамбыл облысының көрсеткіші жақсы. Бүгінде біз өңірдегі кәсіпкерлікті дамыту бойынша атқарылып жатқан жүйелі әрі кешенді жұмыстардың куәсі болып отырмыз - деді ол. Басқосу барысында автобус тасымалы саласына субсидия бөлу, кәсіпкерлерге жер телімдерін беру, мемлекеттік сатып алуларға қатысты мәселелер талқыланды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар