сенбі, 28 желтоқсан, 2024 9:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пилоттық жоба аясында жүзеге асқан жылыжай

Пилоттық жоба аясында жүзеге асқан жылыжай
ашық дереккөзі
Пилоттық жоба аясында жүзеге асқан жылыжай
  Талас ауданы Үшарал ауылдық округінің тұрғыны Ерғазы Сыздықбеков облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жоба аясында жылыжай жұмысын жолға қойып, кәсібін дөңгелентіп отыр. 20 сотық жерге орналастырылған жылыжайда екі ауысыммен қызанақ және қияр егіледі. Қазіргі таңда мол өнім салған қызанақты жинау жұмыстары басталуда. Жылыжай иесі Ерғазы Сыздықбеков 20 тоннаға дейін өнім жинауды жоспарлап отырғандарын жеткізді. - Кәсіп бастауға пилоттық жобаның көп көмегі тиді. Жобамды «Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпарациясы» АҚ мақұлдап, кәсібімді жүзеге асыру үшін сегіз миллион теңгені 2,5 пайызбен берді.  Бүгінде алған несиемізді толық жауып тастадық. «Талас-2020» кооперативі тарапынан да айтарлықтай қолдау көрсетілуде. Үш жылдан бері өнімді Қаратау мен Тараз қаласындағы сауда нүктелері мен әлеуметтік дүкендерге өткерудеміз, - дейді Ерғазы Сыздықбеков. Жылыжай көмірмен жылытылады. Көкөністі баптаумен айналысып жүрген кооперативтің агрономы Қанат Алдабергенов жылыжай жаз айларынан бөлек тоғыз ай жұмыс істейтін айтты. Биыл 10 миллион теңге табыс тапқан жылыжай иесі алдағы уақытта оның көлемін бір гектар алқапқа дейін арттыруды жоспарлауда. Пилоттық жоба аясында 197 үшаралдық тұрғынға жалпы көлемі 524,7 миллион теңгені құрайтын жеңілдетілген несие берілген. Ауылдықтар мал басын шамамен 2000-ға  арттырған. «Талас-2020» АӨК құрылып, 18 дана ауыл шаруашалығы техникасы сатып алынған. Өткен жылы кооператив 25 миллион теңге табыс тапқан. «Әр отбасының тұрақты табысының болуын қамтамасыз етуге тиіспіз. Ауылдық округ әкімдері өздеріне артылған жауапкершілікті сезініп әрекет етіп, әр ауланың ахуалынан жақсы хабардар болып отыруы маңызды. Жобаның мүмкіндігін ұтымды пайдаланып, ауылдықтардың тұрмысын тіктеуге күш салу керек. Жоба алдағы уақытта да жүйелі жалғасуы тиіс», - деген еді аймақ басшысы Талас ауданына іс-сапары барысында Нұржан Нұржігітов. Айта кетейік, облыс тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту бойынша пилоттық жобаның екінші кезеңіне Талас ауданындағы Ойық ауылдық округі де еніп отыр.  Нақтылы кезеңде дайындық шаралары барысы қызу жүруде.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар