Жаңалықтар
Қостанай облысындағы ауылда өрттен ана мен бала қаза тапты
- авторjambylinfo.kz
- 27 қаңтар, 2023
- 451
Қостанай облысындағы ауылда өрттен ана мен бала қаза тапты
Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінде 34 жастағы әйел алты жасар ұлымен бірге өрттің құрбаны болды. Олардың мәйіттері өрт сөндіру кезінде табылды. Бұл дерекке ТЖД мен облыстық полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды Жамбылинфо ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сөндірушілер 26 қаңтар күні сағат 09:09-да шақырылған. Жеке тұрғын үй өртенді.
«Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткенін анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның алты жасар ұлы қаза тапты», - деп хабарлады ТЖД.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазіргі уақытта өрт орнында өрт зертханасының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Бұл факті бойынша полицейлер мәйіттердің табылуы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын ғана хабарлады.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Бас прокурор: "Азаматтардың құқығын қорғау – басты назарда"
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 желтоқсан, 2025
Жаңалықтар
Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына енген тұңғыш қазақ атанды
- авторБақытжан Бекболат
- 5 желтоқсан, 2025






