Қостанайда 13 жастағы бала балық аулау жүріп, суға батып кетті
- авторjambylinfo.kz
- 17 қараша, 2024
- 451
Қостанайда Тоғызақ өзенінде 13 жастағы жасөспірім бала балық аулап жүріп, суға батып кеткен, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің дерегі бойынша, ол бала 16 қарашада сағат 4 жарым шамасында балық аулауға барып, үйіне қайтпаған.
Баланы іздеуге төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полицейлер, еріктілер мен жоғалған адамның туыстары, сондай-ақ кинологтар жұмылдырылды. Құтқарушылар мен еріктілердің жедел әрекетіне қарамастан, қайғылы оқиғаның алдын алу мүмкін болмады. Жасөспірімнің мәйіті табылып, сыртқа шығарылды", - деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтты.
Құтқарушылар балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажет екенін ескертеді. Кәмелетке толмағандарды ересектердің қарауынсыз, әсіресе судың температурасы төмендегенде және су маңында қауіп көбейгенде қалдыруға болмайды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз