жексенбі, 17 қараша, 2024 20:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Төрт бала қаза тапты: Астанадағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды

Төрт бала қаза тапты: Астанадағы өрт бойынша қылмыстық іс қозғалды
Ашықдереккөз
Жантүршігерлік өртке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды

Астана қаласында төрт бала мерт болды. Сондай-ақ, екі отбасы баспанасыз қалды, деп хабарлайды Jambylinfo 

 Балалардың өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты жеке меншік екі қабатты тұрғын үйде болған өрт фактісі бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің тергеу бөлімі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 292-бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу қорытындысы тексеру аяқталғаннан кейін белгілі болады, - деп хабарлады Астана қаласы ТЖД.

Еске салайық, Астанада екі қабатты жеке үй өртке оранған. Үйдің шатыры жартылай опырылды деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті. Үйіндінің астынан  2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт баланың денесі шығарылды. Қала әкімдігі бұл үйде екі отбасы тұратынын хабарлады.

Оқыс оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы, Апаттар медицинасы орталығының және астаналық төтенше жағдайлар департаментінің психологтары жұмыс жасауда. Зардап шеккен отбасыларға психологиялық көмек көрсетілуде. Атап айтқанда, оларға материалдық, тұрғын үймен және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Зардап шеккендер жоқ, ал екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар