Петропавл әкімі: Саяжайларды су басса, өтемақы төленбейді
- авторjambylinfo.kz
- 26 наурыз, 2025
- 227

Петропавл әкімі Серік Мұхамедиев дача қоғамдастықтарының төрағаларымен кездесу барысында, егер дача үйлерін су басса, олардың иелеріне ешқандай өтемақы төленбейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Кеңес заманында бұл жерлер сіздерге бау-бақша шаруашылығымен айналысу үшін берілген. Бұл жерлерде жыл бойы тұрақты тұру заңда қарастырылмаған. Заң бойынша, дача үйлері 25 шаршы метрден аспауы тиіс. Сондай-ақ, кез келген құрылыс акиматпен келісілмесе, ол заңсыз саналады. Дачалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өсіруге арналған уақытша баспана ғана. Сондықтан оларды су басқан жағдайда өтемақы төлеу заңда көзделмеген", – деді қала басшысы.
2024 жылы үкімет бір реттік әлеуметтік көмек көрсеткен болатын, бірақ биыл мұндай көмек қарастырылмайды.
"Дача мүлкінің сақталуына тек иелері жауапты. Қала әкімдігі эвакуациялық орындар, уақытша қоймалар ұсынуға және қажетті заттарды тасымалдауға көмектесуге дайын", – деп атап өтті Мұхамедиев.
Өңірлік әкімдік мәліметінше, Сергеев су қоймасындағы су деңгейі көтерілуде. Қауіп аймағында – Заречный ауылы мен өзен бойындағы дачалар.
Бұған дейін, ақпанда, Заречный тұрғындары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке көшіру туралы өтініш білдірген.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз