дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент Үкіметке жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды

Президент Үкіметке жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырды
Фото: Ақорда
Президент асыл тұқымды жылқыны көбейтуді тапсырды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында айтты деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазір елімізде жылқы саны үздіксіз өсіп келеді. Дегенмен асыл тұқымды жылқының үлесі бір пайызға да жетпейді, яғни 4,2 миллион жылқының 40 мыңы ғана асыл тұқымды. 

«Қостанай жылқысы жоғалып кетудің аз-ақ алдында тұр, небәрі 280 бас қалды. Жылқының санымен қатар, сапасын арттыру – маңызды міндет. Биыл қазақ жылқысының тұқымын сақтау және көбейту үшін арнайы заң қабылдадық. Енді бұл бағытта тағы бір маңызды қадам жасаймыз. Мен Үкіметке Жылқы шаруашылығы институтын құруды тапсырамын. Білікті мамандар мұны көптен бері айтып жүр. Құзырлы органдар қысқа мерзім ішінде осы мәселені пысықтап, қаржы көздерін нақтылауы керек»,-деді Мемлекет басшысы.
 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар