жұма, 28 маусым, 2024 5:18

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Президент үндеуіне пікір: «Өткеннен сабақ алу маңызды»

Президент үндеуіне пікір: «Өткеннен сабақ алу маңызды»
Жамбыл облыстық мәслихат депутаты Гулам Умаров. Фото- ашық дереккөзден
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үндеуіне Жамбыл облыстық маслихатының депутаты Гулам Умаров пікір білдірді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

- Өткеннен сабақ алу маңызды Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдаған Үндеуінде көп нәрсе айтты. Мемлекет басшысы мұндай су тасқыны соңы 80 жылда болмаған айта келе, табиғаттың тосын мінезі зор шығынға ұшыратып отырғанын атап өтті.  Иә, қиын күндер артта қалады, бастысы өткеннен сабақ алу,  қайталамау.  Осы ретте, Мемлекет басшысы су шаруашылығы мамандарын дайындау мәселесіне ерекше тоқталғаны дұрыс болды деп ойлаймын.  Еліміздің 10 облысын әбігерге салған су тасқынын мемлекет болып, ел болып, бірлесе жеңуіміз тиіс.  Жамбыл облысы мәслихатының депутаттары қарғын судан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек жібергелі жатыр.  Сондай-ақ облыстық Ассамблея жанын су тасқынына байланысты арнайы штаб құрылды, бұл штабты өзім басқарамын!  Бұйырса, ақша жинап, өз көмегімізді облыстарға жібереміз.  Бастысы, бар қиындық артта қалсын деп тілеймін!,- деді ол

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар