Таразда ауыл шаруашылығы өнімдерінің кезекті жәрмеңкесі өтті
- авторjambylinfo.kz
- 6 сәуір, 2024
- 547
Тараз қаласы әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жанболат Таңатаровтың айтуынша, мұнда жалпы құны 19,8 миллион теңгені құрайтын 34,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылды.
- Бүгінгі жәрмеңкеде Байзақ, Жамбыл, Меркі, Талас, Шу аудандары мен Тараз қаласының аумағындағы ауылшаруашылығы өнімдерін өндіруші кәсіпкерлердің тауарлары сөреге қойылды. Бұл кәсіпкерлер мемлекет тарапынан төмендетілген пайызбен несие немесе қайтарымсыз грант алып өз істерін дөңгелеткен азаматтар. Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, тиісінше кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында Тараз қаласының адам саны көп шоғырланған аумақтарында әр аптаның сенбісінде дәл осындай көшпелі жәрмеңке ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз, - деді Ж.Таңатаров.
Айта кетейік, жыл басынан бері жәрмеңке қатырынан төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруды және экспорттауды арттыруды тапсырған еді.
«Алдымызда тағы бір өте маңызды міндет тұр. Біз агроөнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасауымыз керек. Ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор. Бірақ біз қолда бар мүмкіндіктерді әлі де толық пайдаланбай отырмыз. Қазақстанның айналасында өнім өткізетін өте үлкен нарықтар бар. Онда сапалы азық-түлік өнімдері тапшы. Қазақстанның стратегиялық мақсаты – Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу. Осы мақсатқа қол жеткіземіз десек, ең алдымен, өнімді жоғары деңгейде өңдеуге көшуіміз қажет. Онсыз болмайды. Біз алдағы үш жыл ішінде агроөнеркәсіптегі өңделген өнім үлесін 70 пайызға жеткізуіміз керек. Бұл – нақты міндет. Жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек. Ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет», - деген еді Мемлекет басшысы.
Автор: Дамир Қанатов
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Анаға тағзым орталығында жеңімпазбен кездесу өтті
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024
25 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 25 желтоқсан, 2024