бейсенбі, 4 шілде, 2024 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сенбілікке қала тұрғындары белсенді атсалысып жатыр – әкім

Сенбілікке қала тұрғындары белсенді атсалысып жатыр – әкім
Jambylinfo.kz
Таразда екі айлық сенбілік аясында канал тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Игі шараға қала тұрғындары мен мемлекеттік мекеме қызметкерлері қатысып, шаһар шырайын келтіру үшін іске білек сыбана кірісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Наурыз айында қалада 2 айлық сенбілік жарияланған. Содан бері Таразда әр сенбі тазалық жұмыстары жүргізіледі. Бүгін қала халқы сайманын ұстап, сайға түсті. Осылайша шаһардағы Сеңкібай, Түйте, Қапал арналары тазаланды. Қала әкімі Бақытжан Орынбеков былтырға қарағанда биыл шаһар тұрғындарының белсенділігі жоғары екендігін атап өтті.

  • Қала тұрғындарының белсенділігін ерекше атап өту керек. Қала тазалығы барлығымызға ортақ іс. Сондықтан бұған қала тұрғындары мен әр мекеменің қызметкерлері белсенді қатысуы керек деп ойлаймын. Бірақ, байқағанымыздай қала тұрғындарының белсенділігі жоғары. Бүгінгі сенбілік негізі каналдарды тазалауға арналды,- деді Бақытжан Орынбеков
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар