Жаңалықтар
Қырғыз Республикасының гуманитарлық көмегі Жамбыл облысына жетті
- авторjambylinfo.kz
- 6 сәуір, 2024
- 701
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайлардан зардап шеккен Қазақстан халқына бастамашыл гуманитарлық жүкті Қырғыз Республикасы ТЖМ вице-министрі Урматбек Шамырқанов алып жүреді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қазір 15 фура гуманитарлық көмек Жамбыл облысына келіп жетті.
Азық-түлік, киім-кешек, төсек-орын жабдықтары, жылытқыштар және т.б. түріндегі гуманитарлық жүк Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының тұрғындарына жіберілетін болады.
Автор: Дамир Қанатов
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 4 курс студенті
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз