
Прокурорлар 800-ден астам инвестордың құқықтарын қорғап, олардың ел экономикасына қосқан үлесі 12 трлн теңгеден асқан, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
«Біз жазаның бұлтартпаушылығы қағидатын берік ұстанамыз. Инвесторлардың құқықтары бұзылған әрбір жағдай бойынша кінәлілердің жауапкершілігі қаралады. Жалпы, осы бағытта прокурорлар 220 қадағалау актісін енгізіп, мемлекеттік органдардың 60 шешімінің күшін жойды. Сонымен қатар, 140 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деді ол.
Қазіргі таңда прокурорлық сүйемелдеумен жалпы құны 42 трлн теңгеге 900 жоба жүзеге асырылуда. Бас прокуратура инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бірқатар жаңа тетіктерді әзірледі. Олардың қатарында «жасыл дәліз» шарттарының жеңілдетілген жүйесі, инвестициялық процестердің ашықтығын қамтамасыз ететін цифрлық инвестициялық платформа және инвесторларды заңсыз шешімдер мен негізсіз тексерулерден қорғайтын «прокурорлық сүзгі» жобасы бар.
«Прокурорлар 700-ден астам шешімді келісуден бас тартты, соның ішінде 310 тексеру мен 250 әкімшілік істің алдын алды. 2025 жылдың 20 қаңтарынан бастап прокурордың келісімінсіз мемлекеттік органдар инвесторларға қатысты тексеру жүргізе алмайды, әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды, лицензияларын кері қайтарып, келісімшарттарын бұза алмайды. Бүгінде барлық облыстық және республикалық деңгейдегі инвестициялық жобалар прокурорлық сүзгіден өтуде», – деп атап өтті Ризат Смағұлов.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Президент: ҮЕҰ-мен серіктестік қоғам дамуына ықпал етеді
- авторjambylinfo.kz
- 14 наурыз, 2025