Жаңалықтар
«QazaqGaz Aimaq» филиалы 61,3 млн теңге айыппұл төледі
- авторАяжан Дәулетбекқызы
- 24 мамыр, 2025
- 240

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті хабарлады
«QazaqGaz Aimaq» филиалы 61,3 млн теңге айыппұл төледі, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті тұтынушылардың өтініштері негізінде «QazaqGaz Aimaq» АҚ филиалының заңсыз талап қою фактілерін анықтады.
«QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның Қызылорда филиалы тұтынуышыларды қосуға техникалық шарттар беру кезінде табиғи монополиялар туралы заңнамада көзделмеген қосымша құжаттарды ұсынуды талап етті, дейді министрліктің баспасөз қызметі.
Бұл іс бойынша мамандандырылған ауданаралық соттың қаулысымен филиал кінәлі деп танылып, 61,3 млн теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұл толық көлемде өтеліп, мемлекеттік бюджетке аударылды.
Келесі мақала