Жаңалықтар
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1450 Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты
- авторjambylinfo.kz
- 26 қыркүйек, 2022
- 305
ҚР Оқу-ағарту министрлігі 1450 Бірыңғай байланыс орталығын іске қосты
Оқу-ағарту министрлігі 1450 нөмірі бойынша білім беру мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастырды. Байланыс орталығы жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері – сенбі және жексенбі.
Өңірлік білім басқармалары Бірыңғай байланыс орталығына екінші желі арқылы қосылған. Жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жататын мәселелер оны шешу үшін бірден білім басқармаларына жіберіледі. Бүгінгі таңда байланыс орталығына 1 200-ден астам қоңырау түсті. Көбінесе азаматтарды балабақшадан орын алу үшін кезекке қалай тұру керегі қызықтырады.
Бұл мәселе бойынша түсіндірме жұмыстарын жергілікті атқарушы органдардың өкілдері жүргізеді. Сондай-ақ ең өзекті тақырыптар білім туралы құжаттарды қалпына келтіру, мектептегі тамақтандыру мәселесі, балаларды бір мектептен екіншісіне ауыстыруға қатысты.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз