"Рас емес": Әйгерім Қалаубаева Нұрлан Әлімжан екеуіне қатысты әңгіменің нүктесін қойды
- авторjambylinfo.kz
- 20 шілде, 2024
- 1.6k
Әйгерім Қалаубаева ел ішінде әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуі жайында айтылып жүрген әңгімеге нүкте қойды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Кейінгі кезде үнемі бірге қол ұстасып жүретін жұлдыздар туралы ел ішінде алып- қашпа әңгіме көбейген еді.
Осыған байланысты Әйгерім Қалаубаева желідегі парақшасына жазба жариялаған.
"Рас емес! Нұрлан екеуміз сонау бала кезден бір-бірімізге еркелеп өскен достармыз. Жұмысымызға үлкен жауапкершілікпен қараймыз! Ешкімнің отбасы ойрандалған жоқ,шүкір! Бізді байланыстыратын – Өнер! Біз бір-біріміздің жеке шекарамызға мұрын сұқпаймыз. Әркім өз әлемінде бақытты", -деп жазды ол.
Сондай-ақ өнер иесі жақындарына амандық тілеген.
"О, Жаратқан ием! Елім, Ата-Анам, Ер Азаматым, Балаларым, Бауырларым ЖӘНЕ менің қымбатты инста әлемімдегі Достарым бағыма аман болсын!!!Әмин!"-деді әнші.
Әйгерім Қалаубаева желідегі парақшасына әріптесі Нұрлан Әлімжан екеуінің "Рас па?” атты бейнебаянынан кадрдан тыс үзінді видеолар ұсынған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз