Жаңалықтар
"Сіз кімсіз, бетперделі жігіт?": Жұмбақ жігіт тағы бір отбасына үй сыйлады
- авторjambylinfo.kz
- 20 шілде, 2024
- 1202

Бетперделі жомарт жігіт бұл жолы 16 жастағы Айнұр есімді қыздың арманын орындаған
Әлеуметтік желіде қара бетперде киіп қайырымдылық жасайтын белгісіз жігіт тағы бір отбасына қуаныш сыйлады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Жұмбақ әрі жомарт жігіт бұл жолы мүмкіндігі шектеулі 16 жастағы Айнұр есімді қызға көмекке келді.
Айнұрдың айтуынша, әжесі екеуі жалдамалы пәтерде тұрады. Ал анасы үш айлық сәби кезінде тастап кеткен екен.
"Аналар баласын ешқашан тастамауы керек, - деп ренішін жеткізген ол болашақта емделіп, дизайнер және суретші мамандығын игеруді армандайтынын айтқан.
Бетперде таққан жігіт Айнұрдың ем-домына ақша ұсынып, баспана сыйлады.
Мұндай сый күтпеген қыз қуаныштан жылап жіберді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекет басшысы анасы туралы әсерлі жазба қалдырды
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025
Жаңалықтар
Су мен оттан сақтан: Жамбылдағы алдын алу жұмыстары
- авторБақытжан Бекболат
- 11 мамыр, 2025