Референдум-2026: төрт дүркін әлем чемпионы дауыс берді
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 14:25
- 50
Таңертеңнен бастап елдің барлық өңірлерінде сайлау учаскелері ашылып, тұрғындар белсенді түрде өз таңдауларын жасап жатыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Мәселен, Тараз қаласындағы №494 сайлау учаскесінде, №3 мектеп-лицейінің ғимаратында қазақстандық еркін күрес шебері, әскерилер арасындағы әлем чемпионы Қазақстан Республикасының 4 дүркін чемпионы Мейіржан Әшіров дауыс берді.
- Әр тұрғын референдумға қатысу арқылы ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосып жатыр. Спортшы ретінде мен әрдайым тәртіп пен әділдікке сенемін, сондықтан менің таңдауым да әділ және саналы болды. Барлық азаматтарды өз құқықтарын пайдаланып, белсенді болуға шақырамын, өйткені еліміз үшін дұрыс шешім қабылдауға әрқайсымыз жауаптымыз, - деді М.Әшіров.
Ресми мәліметтерге сәйкес комиссия мүшелері мен бақылаушылар жұмыс істеп, дауыс беру процесінің ашық әрі заң талаптарына сай өтуін қамтамасыз етуде.



