сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:06

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ресми ақпарат

Ресми ақпарат
ашық дереккөзі
Ресми ақпарат
Қазіргі таңда Жамбыл облысы Сарысу ауданындағы «Қазфосфат» ЖШС «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінде жағдай тұрақты. Айта кетейік, бүгін (2023 жылдың 13 сәуірінде) сағат 10:00-13:00 аралығында Жаңатас қаласында орналасқан «Казфосфат» ЖШС филиалдарының бірі «Қаратау» тау-кен өңдеу кешенінің бірнеше цех жұмысшылары жиналып, наразылықтарын білдірді. Жиналған 150-ге жуық жұмысшы бұған дейін қойылған және басқа да талаптардың орындалу барысын сұрады. Оқиға орнына Сарысу ауданы әкімінің міндетін атқарушы С.Мамытов, аудан прокуроры Д.Алдабергенов, ҰҚК бөлім басшысы А.Айбосынов, мәслихат төрағасы Ш.Мұсабеков пен аудандың мәслихат депутаттары, «Қазфосфат» ЖШС директорының орынбасары Е.Сариев барып, өндіріс жұмысшыларымен кездесіп, мәмілеге келіп, ортақ шешім қабылданды. Кездесу нәтижесінде тау-кен өңдеу кешені жұмысшыларының бұрын ұсынған әлеуметтік-тұрмыстық талаптарын шешу үшін татуластыру комиссиясын (әр цехтан 5 өкіл және аудандық мәслихат депутаттары) құру жөнінде жалпы шешім қабылданды. Комиссия төрағасы болып "Қазфосфат" ЖШС директорының орынбасары Е. Сариев сайланды. ЖШС басшылығы жұмысшылардың талаптарын орындау мүмкіндігін жан-жақты қарастыратын болады.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар