сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 11:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖАМБЫЛДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ РАСТАЛҒАН ЖАҒДАЙЫ ЖОҚ

ЖАМБЫЛДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ РАСТАЛҒАН ЖАҒДАЙЫ ЖОҚ
ашық дереккөзі
ЖАМБЫЛДА ҚЫЗЫЛШАНЫҢ РАСТАЛҒАН ЖАҒДАЙЫ ЖОҚ
Қызылша - бұл, көбіне, балаларда кездесетін және температураның жоғарылауымен, мұрынның, көздің, тамақтың шырышты қабығының катаральды қабынуымен, теріде дақты бөртпенің пайда болуымен сипатталатын кең таралған жедел жұқпалы ауру.
Қызылша - бүгінгі күнге дейін белгілі, ең жұқпалы аурулардың бірі.
Қазақстан бойынша бүгінде қызылшаға күдікпен барлығы 222 жағдай тіркелді. Оның ішінде қызылша ауруының 140 жағдайы (63%) зертханалық расталды, оның ішінде жергілікті жағдайлар - 124, әкелінген жағдайлар - 16 (Тәжікстан, Түркия, Египет, Қырғызстаннан). Расталған 140 жағдайдың 126-сы 14 жасқа дейінгі балалар (90%) және 1 жасөспірім (0,7%) және 13 ересек (9.3%). Қызылша ауруының аумақтық расталған жағдайлары - Ақмола (1 жағдай) , Ақтөбе (4 жағдай), Алматы (4 жағдай), Атырау (3 жағдай), БҚО (1 жағдай), Қарағанды (3 жағдай), Қызылорда (1 жағдай), Павлодар (1 жағдай), Түркістан (15 жағдай), Жетісу облыстарында (6 жағдай) және Алматы қаласында (88 жағдай), Астана қаласында (7 жағдай), Шымкент қаласында (6 жағдай). Бүгінгі таңда Жамбыл, ШҚО, Қостанай, Маңғыстау, СҚО және Ұлытау облыстарында қызылшаның расталған жағдайлары жоқ. Қызылшамен ауырған 140 баланың егу мәртебесі: 97 - егілмеген (70%),белгісіз мәртебесі бар – 17 (12%), 1-еселенген - 12 (8.6%), 2-еселенген - 14 (10%).
Қызылша соқырлық, отит, пневмония, энцефалит, психиканың бұзылуы және т.б. түріндегі асқынулармен қауіпті. алғашқы белгілер пайда болған кезде уақтылы медициналық көмекке жүгіну керек. Иммундау-қызылша ауруынан жалғыз қорғаныс.
Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар