сәрсенбі, 18 қыркүйек, 2024 5:45

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Роза Рымбаева қазылық еткен халықаралық байқауда қазақ әншісі бірінші орынға ие болды

Роза Рымбаева қазылық еткен халықаралық байқауда қазақ әншісі бірінші орынға ие болды
Коллаж Jambylinfo.kz.
Ерназар Жұбан «Славян базары» байқауында бірінші орын алды

Ерназар Жұбан байқауда «Подберу музыку» композициясын орындап шыққан, деп хабарлайды Jambylinfo.kz. 

Жас әнші байқаудан алған әсері жайлы желідегі парақшасында жазған. 

«Еліміздің атын шет елде қорғаған қандай керемет сезім. Еңбек ақталды деп ойлаймын. Осы 1-орнымды еліме арнағым келеді. Әке-шешем, бауырларыма алғыс айтамын. Барлық жанкүйерге рақметтен артық айтарым жоқ, достарым жанымда болмасаңдар да қолдауларыңды сездім» – деп жазды ол. 

Айта кетейік, байқаудың гран-при жүлдесі молдовалық Кэролайн Баланға бұйырды. 

Ал екінші орынды италиялық Марьям Танкреди мен ресейлік Екатерина Кузина еншілесе, жүлделі үшінші орынды болгариялық Валерия Чучман мен беларусь Невена Пейкова өзара бөліскен. 

Еске  салайық, «Славян базары-2024» 
Халықаралық байқауында қазылар алқасын әнші, Халық әртісі Роза Рымбаева басқарды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар