«Тұтынушы көбейген». Еліміздегі газ тапшылығының себебі айтылды
- авторМағжан Орынбасар
- 16 шілде, 2024
- 531
Сұйытылған газ тапшылығының себептері туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев егжей-тегжейлі баяндады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында тоқсан сайын өңірлер бойынша шамамен 360 мың тонна сұйытылған газ таратылатыны атап өтілді. Дегенмен, өндіру және тарату көлемі бастапқыдағы өңірлер қажеттілігінен 130 мың тоннаға немесе 26%-ға аз. Сондай-ақ, өткен жылы елімізде газбен жүретін көліктер саны 18 пайызға өсіп, 582 мың дананы құраған.
- «Сұйытылған газға төмен бағаның белгіленуіне байланысты елдегі автокөлік жүргізушілері жанармайдың осы түріне көшуде, бұл өз кезегінде тұтынудың артуына әкеліп соғады. Тұтынуды талдау аймақтар бойынша, әсіресе шекаралас аймақтарда сұйытылған газға сұраныстың артқанын көрсетеді. Сондай-ақ сұйытылған газ көлемінің бір бөлігі мұнай-химия өнеркәсібін дамыту үшін мұнай-химия өнімдерін өндіретін өнеркәсіптік кәсіпорындарға жіберілетінін атап өткен жөн. Сонымен қатар, өндіріс орындарында жыл сайын жоспарлы және міндетті жөндеу жұмыстары жүргізіледі», — деді Алмасадам Сәтқалиев.
Ұқсас жаңалықтар
Атырауда құтқарушылар саусағы шайбаға кірген балаға көмектесті
- авторМағжан Орынбасар
- 22 желтоқсан, 2024
«Көзіне пышақ кіріп кеткен». Петропавлда үш жасар сәби ауруханаға түскен
- авторМағжан Орынбасар
- 21 желтоқсан, 2024