дүйсенбі, 16 маусым, 2025 2:49

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы директорына іздеу жарияланды

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ-ның бұрынғы директорына іздеу жарияланды
Фото:gov.kz
Ол "Көк-Төбе" көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті "Samruk-Kazyna Construction" АҚ басқарушы директоры мен "Дорстройтрест" ЖШС басшысына қатысты тергеп-тексеруді аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған тұлғалар «Көк-Төбе» көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысына бөлінген мемлекеттік қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

2022 жылдың қаңтар айында «Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен «Дорстройтрест» ЖШС арасында инвестициялық құрылыс туралы келісімшарт жасалып, құрылыс жұмыстарына 2,6 миллиард теңге көлемінде аванс төленген.

Алайда жоба мерзімінде аяқталмаған және құрылыс барысында бірқатар өрескел бұзушылықтар анықталған. Тергеу барысында белгілі болғандай, бөлінген аванс қаражаты құрылысқа арналмаған шығындарға – атап айтқанда, бұрынғы қарыздарды өтеу мен автокөлік сатып алуға жұмсалған.

Сонымен қатар, 650 миллион теңге жалған шарттар негізінде серіктестік шоттарына аударылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Жымқырылған қаражат есебінен құны 23 миллион теңге тұратын екі автокөлік сатып алынып, оларды тәркілеуден жасыру үшін сенімді адамдардың атына тіркелген.

Сот шешімімен күдіктілердің жалпы құны 170 миллион теңге болатын мүлкіне – Астана қаласындағы пәтер мен бес автокөлікке тыйым салынды.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылып отыр. Ал «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның бұрынғы басқарушы директоры халықаралық іздеуге жарияланды.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар