бейсенбі, 10 шілде, 2025 3:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сапарбаев тұлғасы»: Бердібек Сапарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті

«Сапарбаев тұлғасы»: Бердібек Сапарбаевқа арналған кітаптың тұсаукесері өтті
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі
Бердібек Сапарбаев еңбек жолын қатардағы қызметтен бастап, бес облыстың әкімі, Премьер-министрдің орынбасары қызметіне дейін көтерілді.

Мемлекеттік басқару академиясында мемлекет және қоғам қайраткері, экономика ғылымдарының докторы Бердібек Сапарбаевтың қызмет жолына арналған «Сапарбаев тұлғасы» кітабының тұсаукесері өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Іс-шараға Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің өкілдері мен Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері, мемлекет қайраткерінің әріптестері мен шәкірттері, отбасы мүшелері, сондай-ақ Академия тыңдаушылары қатысты.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай тұсаукесердегі құттықтау сөзінде Бердібек Машбекұлының 40 жылдан астам мемлекеттік қызметтегі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесін атап өтті.

«Сапарбаев тұлғасы» атты кітаптың құрастырушылары – Ұлан Айхожаев пен Абай Сейфуллаұлы. Бұл туынды тек бір азаматтың өмір жолын баяндаумен шектелмейді. Ол – мемлекеттік қызметке деген адалдықтың, елге қалтқысыз еңбек етудің жарқын үлгісін көрсете отырып, жас буынға, әсіресе мемлекеттік қызмет жолын таңдаған жастарға бағдар болатын рухани-тәлімдік еңбек.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар