
Енді аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері Алматы мен Ыстықкөл арасын тікелей байланыстыратын рейстер орындалады.
2025 жылдың 27 маусымынан бастап Қырғызстанның Asman Airlines әуе компаниясы Қазақстан бағытында тұрақты рейстерді бастады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ал 3 шілдеден бастап бұл бағытта тағы бір әуе компания – қазақстандық Fly Arystan да жолаушыларды тасымалдай бастайды. Оның рейстері бейсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.
Осылайша, жаз маусымында Алматы мен Ыстықкөл арасына аптасына 4 рет тікелей ұшу мүмкіндігі пайда болып отыр.
Жаңа бағыттың ашылуы Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы туризмді, сауда-саттықты және іскерлік байланыстарды дамытуға серпін береді.
Айта кетейік, Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттар санын арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Қазақстанда жарты жылда 16 мыңға жуық жол апаты тіркелді
- авторБақытжан Бекболат
- 17 шілде, 2025