жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 12:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарбаз өлімінің адам сенгісіз фактілері: адвокат Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды

Сарбаз өлімінің адам сенгісіз фактілері: адвокат Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды
ашық дереккөзі
Сарбаз өлімінің адам сенгісіз фактілері: адвокат Пірәлиев заң бұзбағаны анықталды
Астана қаласының адвокаттар алқасы адвокат Сержан Пірәлиев ешқандай этикалық нормаларды бұзбағанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Адвокат бұл жөнінде әлеуметтік желіде мәлім етті.
"Жаңа ғана Астана қаласының адвокаттар алқасы маған қатысты тәртіптік істі қарады. Оның қорытындысы бойынша адвокат ретінде менің ешқандай этика нормасын бұзбағаным анықталды", - деді ол.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 19 тамызында «Шөлдала» шекара бөлімінде борышын өтеп жүрген 2004 жылғы асылып тұрған жерінен табылған болатын. Күдікті сержант Айбек Нұртаевтың адвокаты Сержан Пірәлиев таяуда журналистерге осы іске қатысты адам сенгісіз фактілерді жария еткен. Оның сөзінше сарбаздың киімі мен аузынан бірнеше адамның шәуеті анықталған. Осы ақпаратты жариялағаны үшін ІІМ "Пірәлиев адвокаттық этиканы бұзды" деп айыптап, істі Әділет министрлігіне жолдаған еді. Сондай-ақ, кеше ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Ерлан Алдажұманов Бекбол Мираштың өлімінен кейін қызметтік тергеу жүргізіліп, департамент пен застава бастығы қызметінен шеттетілгенін айтты.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар