Жаңалықтар
Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2023
- 197
Павлодарда тікелей эфирде боқтаған тиктокер жауапқа тартылды
ТikToк әлеуметтік желісінің мониторингі барысында полиция Новоямышево ауылының тұрғынының тікелей эфирге шығу фактісін анықтады, онда ол дөрекі және әдепсіз сөздерді қолданған.
– Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 25 жастағы құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасалды. Материал сотта қаралды, қаулы бойынша ауыл тұрғыны 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.Айта кетейік, 2023 жылдың 1 наурызынан бастап қоғамдық орындарда балағат сөз айтқандарға 20 АЕК ( 69 000 теңге) айыппұл салу немесе 30 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қолданыла бастайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз