Жаңалықтар
Соңғы аптада 11 мыңға жуық жамбылдық ЖРВИ жұқтырған
- авторjambylinfo.kz
- 17 ақпан, 2023
- 256
Соңғы аптада 11 мыңға жуық жамбылдық ЖРВИ жұқтырған
Соңғы аптада, яғни 07-13 ақпан аралығында ЖРВИ-нің 11234 жағдайы тіркелді. Өткен аптамен салыстырғанда 13,4% өсім байқалады (9903 жағдай) деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Ағымдағы эпидемиологиялық маусымның ерекшелігі - тұмаудың алғашқы жағдайларының ерте тіркелуі. Облыста тұмаудың алғашқы жағдайлары қазан айының басында анықталған.
Эпидемиологиялық маусым басталғаннан бері облыста зертханалық жолмен расталған тұмаудың 93 жағдайы, оның ішінде А типті тұмау – 30 жағдай, В типті тұмаудың-63 жағдай айналымы анықталды.
Сонымен қатар ағымдағы маусымда басқа да респираторлық вирустардың айналымы анықталды: парагрипп, риновирус, RS вирусы, боковирус, метапневмовирус және аденовирустар.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз