дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 14:13

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Сарымсақ саудасы қызып тұр

Сарымсақ саудасы қызып тұр
ашық дереккөз
Қордайда сарымсақ өсіріп, кәсібін дөңгелетіп отырған шаруалар көп. Солардың қатарында «Тепин» жане «Гуонлен» шаруа қожалықтары да бар. «Тепин» шаруа қожалығының жетекшісі Харки Хижиннің айтуынша, қожалық 10 гектар алқапқа сарымсақ тұқымын сеуіп, баптап өсіруде. Бүгінгі күні шаруашылық ерте сұрыпты өнімін жинау үстінде. Алқап басында 6 техника мен 40 маусымдық жұмысшы еңбек етуде.

«Былтыр бір гектардан 12 тоннадан өнім жинаған болатынбыз. Биыл да ауа райы диқан қауымына қарасып тұр. Өнім былтырғыдан кем болмайды деген ойдамыз. Алқаптың сарымсағын облыс аумағы мен республикамыздың нарығына жөнелтудеміз, – дейді шаруашылық жетекшісі.

Ал, «Гуонлен» шаруа қожалығы сарымсақты 5 гектар алқапқа орналастырған. Қожалық жетекшісі Двумар Санвазовтың айтуынша, сарымсақты күтіп-баптау үшін «Т-82» маркалы 3 трактор сатып алған. Жаңа техника шаруа қожалық жұмысын едәуір жеңілдеткен.

– Біз күнделікті тұрмыста қолданып жүрген сарымсақтың бірнеше ауруға ем екенін жақсы білеміз. Ол ең алдымен асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады. Сондай-ақ, ас қорыту мәселелерінің алдын алуға, құрамында С дәрумені көп болғандықтан көз инфекцияларымен күресу үшін қолдануға, суық тиюдің алғашқы белгілері байқалғанда қолдануға, демікпе ұстамасының алдын алып, демалуға мүмкіндік беретін ерекше емдік қасиеттерге ие. Сондықтан да біз алқабымыздан жиналған сарымсақты көктей облысымыз бен басқа да өңірлерге балауса күйінде жеткізілуіне баса мән береміз. Біз үшін бастысы – халықтың алғысы, – дейді диқан.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Мал өсіріп, егін еккен
Алдыңғы мақала
Мал өсіріп, егін еккен

Ұқсас жаңалықтар