бейсенбі, 3 қазан, 2024 22:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Саяси реформалар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне жол ашты

Саяси реформалар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне жол ашты
ашық дереккөзі
Саяси реформалар әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа кезеңіне жол ашты
Сәуір айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөнінде кеңейтілген кеңес өткен. Ол өз сөзінде саяси реформалар дамудың жаңа кезеңіне жол ашқанын және экономиканы түбегейлі жаңғыртудың берік негізін қалағанын атап өтті. – Осында отырған әрбір мемлекеттік қызметші өзіне орасан зор міндет жүктеліп отырғанын сезінуге тиіс. Бұл – ең алдымен, барша Қазақстан халқының алдындағы жауапкершілік. Сіздердің шешімдеріңіз бен іс-әрекеттеріңіз елдің бүгіні мен болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан күнделікті мәселелерді шұғыл шешумен ғана шектелмеу керек. Сіздер мемлекетшіл-реформатор болуларыңыз қажет. Реформаларымыздың түпкі мақсаты – халықтың өмірін жақсарту. Ол үшін тұрғындардың табысын көбейту керек. Жайлы өмір сүруіне жағдай жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет. Азаматтардың өзін-өзі дамытуына барлық мүмкіндік жасалуға тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте облысымыздағы Байзақ ауданы, Түймекент ауылдық округінің әкімі Смағұлов Қанат Ерубайұлы ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы бізге сұхбат берді. ​- "Түймекент ауылдық округі әкімі аппаратына 2023 жылдың 8 айында азаматтардан 33 өтініш келіп түссе, оның ішінде, 28-і жеке тұлғадан, 5-еуі заңды тұлғадан келген. 29 өтінішке әкімшілік акт қабылданса, 2 өтінішке ауыртпашылық әкімшілік акт қабылданды. 32 азамат әкімнің жеке қабылдауында болды. 28 өтініш қанағаттандырылып, 4 өтінішке заң аясында түсінік берілді. ​Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, Түймекент ауылдық округі әкімінің аппараты 5 мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің түрін көрсетеді. ​2023 жылдың 8 айында ауыл тұрғындарына 6 рет түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік, ватсап желілеріне салынды және оған 941 адам қамтылды. 20.06.2023 жылы аудандық «Ауыл жаңалығы» - «Сельская новь» газетіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі» тақырыбында мақала жарияланды. 2021 жылы ауыл тұрғындарымен тығыз байланыста болу мақсатында, whatsapp желісі арқылы «Әкіммен тікелей байланыс» атты жүйелі топ ашылды, тұрғындардың өзекті мәселелері тыңдалып, тиісті шешімін табуда. 2023 жылдың 1 қыркүйегіне АӘК жәрдемақысына 50 отбасының өтініштері қабылданды. 50 отбасы/316 адам (шартты-46 отбасы/296 адамға, шартсыз- 4 отбасы/20 адамға) тағайындалып, 18,992584 мың теңге толығымен төленді. Бүгінгі күнге атаулы әлеуметтік көмек жәрдемақысын алушылардың ішінен көп балалы 26 отбасы/186 адам бар. Ауыл тұрғындары арасынан 40 азамат «Бастау бизнес» онлайн сертификаттарын алып, өзінің бизнес жобаларын жасап, мемлекеттік грантқа қатысып, 1 адам мемлекеттік қайтарымсыз грант алды. Мүлік салығы жоспары - 745,0 мың, орындалғаны - 748,6 мың, жеке табыс салығы жоспары - 1467,0, орындалғаны - 4015,0, көлік салығы жоспары - 11386,0, орындалғаны - 17503,0. Барлық салық бойынша орындалғаны 182,8 пайызды құрады. Салынған айыппұл саны - 3, сомасы 103 мың 500 теңге. Ауылдық округтің жер көлемі, барлығы 7862 га егістік жер бар болса, оның 3 693 га суармалы жер, 4169 га тәлімі жер. 2023 жылы 258 шаруа қожалығы тіркеліп, егін және мал шаруашылығымен айналысуда. 2023 жылы 2320 гектарға арпа, 590 гектарға жүгері, 95 гектарға картоп, 230 гектарға қант қызылшасы, 300 гектарға көкөніс, 300 гектарға бақша, 430 гектарға жаңа жоңышқа, 2060 гектарға ескі жоңышқа, 80 га сүрленген жүгері, 340 га сафлор егіліп тиісті өнім алынуда. Түймекент ауылдық округінде жалпы жайылым жер 17 637,45 га, қажетті жайылым көлемі 18 770,45 га, жайылым жердің жетіспеушілігі 1133 га, осы мәселені шешу үшін округтің қызмет көрсету аумағында бос жатқан жер учаскелерін түгендеп нақты шекарасын бекіту арқылы 801,1727 га жер жайылым жер қосылып беру қарастырылуда, оның ішінде 780,43 жайылым жер, 20,737 бөгде жер болып табылады. 2021 жылы игерілмеген жерді зерделеу жұмыстары бойынша Молдабеков Калмырзаның 400 га жері мемлекеттік жер қорына қайтарылған болса, 2022 жылы Айтбеков Сарсембек 0,9 га, Битабаров Букенбай 200 га, Дуйсенбаева Разия 3,9 га жері мемлекеттік жер қорына қайтарылды. 2023 жыл қой,ешкі - 43733 бас (+11233), МІҚ – 5179 бас(- 101), жылқы – 2266 бас (+207), үй құстары – 9083 бас (+583), түйе - 92 бас(17). Білім саласы бойынша Түймекент орта мектебінде 149 мұғалім, 1172 оқушы бар. тҒ.Байтасов атындағы тірек мектебінде 76 мұғалім, 506 оқушы бар. С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде 36 мұғалім, 208 оқушы бар. «Ақжар» бөбекжай бақшасында 3 топ, 65 бала, 11 тәрбиеші, «Қарлығаш» бөбекжай бақшасында 6 топ, 140 бала, 20 тәрбиеші, «Орынкүл» бөбекжай бақшасында 7 топ, 140 бала, 11 тәрбиеші бар. Түймекент дәрігерлік амбулаториясында 4-дәрігер, 16-медбике, акушерка-2, психолог-1, социолог-1, лаборант-1, рентген лаборант-1, санитарка-2, жүргізуші -1, «Ақжар» фельдшерлік пунктінде медбике-1, акушерка-1, санитарка-1 ауыл тұрғындарына қызмет көрсетеді. Түймекент ауылдық мәдениет үйі 1973 ж салынған, 300 орындық. Түймекент мәдениет үйінің меңгерушісі-1, қарауыл-2, еден жуушы-2, от жағушы -3, Ақжар ауылдық клуб меңгерушісі-1 Кітапханадағы цифрландырылған ақпараттық орталығында 2023 жылы 8 айда көрсетілген қызметтер саны 910. Ауыл тұрғындары тұрақты қызмет көрсетілуде. 2021 жылы спорт сауықтыру кешені салынып,қолданысқа берілді.Спорттық нысан-7,спортпен шұғылданушылардың саны 3247(34,4%) Спорттық үйірмелер саны – 9 (волейбол, футбол, баскетбол, қол күресі, үстел теннисі, шахмат, дойбы, бокс, дзюдо). Түймекент, Ғ.Байтасов, С.Сейфуллин орта мектептерінің спорт залы кешкі 19:00-22:00 аралығында ауыл тұрғындарына қол жетімді. Түймекент ауылдық спорт кешені 9:00-22:00 аралығында ауыл тұрғындарына қолжетімді. Спорт нұсқаушысымен жоспарға сәйкес - 22 іс-шара ұйымдастырылды. Жалпы ауылдық округ бойынша 7 Қазақстан чемпионы, 12 Азия чемпионы бар. 2021 жылы учаскелік полиция пункті салынды құны 22 млн. 431 мың теңге. 2023 жылы тіркелген қылмыс-7, ашылғаны-7,оның ішінде есірткі-2, мал ұрлығы-5. Құқық бұзушылық пен мал ұрлығының алдын алу үшін Түймекент ауылында 4 бейне бақылау камерасы, Ақжар ауылында 1 бейне бақылау камерасы орнатылған, 2023 жылы тұрмысы төмен отбасы, жалғыз басты ана Такеева Асияға «Асарлатып үй салу» жобасы аясында үй салу жұмыстары жүргізілуде, қазіргі таңда ірге тасы қаланып, қабырғасы тұрғызылып, төбесі жабылып, іші,сырты сыланып бітті. 2023 жылға Түймекент ауылының 21 көшесін орта жөндеуден өткізу, Д.Қонаев және А.Л.Нахманович көшелеріне жаяу жүргіншілер жолын салу, Түймекент ауылдық округі әкімшілігінің ғимаратын орта жөндеуден өткізу және ауылдық саябақты қалпына келтіру жұмыстары жоспарланып, қазіргі таңда 11 көше асфальттанды. Жылдың соңына дейін барлық жоспарланған жұмыстар атқарылатын болады. 2024 жылға жоспарланған шаралар: - Түймекент ауылының барлық көшелерін жарықтандыру; - жер кезегінде тұрған азаматтарға жер беру үшін инфрақұрылым жүргізу; - Д.Қонаев көшесі орталықтан Ғ.Байтасов тірек мектебіне дейін жаяу жүргіншілер жолын салу; - Ақжар ауылы, С.Сейфуллин көшесіне жаяу жүргіншілер жолын салу; - «Ақжар» бала бақшасын күрделі жөндеуден өткізу; - Түймекент ауылы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу жоспарлануда. «Жамбыл облысы тұрғындарының тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобаның барлық 5 бағыты бойынша 615,2 млн. теңгеге 262 ауыл тұрғындары несиелендірілді. Бүгінгі күнге несие алған азаматтар несиесін тұрақты түрде төлеп отыр , оның ішінде 19 азамат өзінің кәсібін дөңгелетіп төл жинау арқылы пайда тауып 40 964 191 теңге үстем ақы пайызымен несиесін мерзімінен бұрын өтеді. 1 бағыт Үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану бағыты бойынша ауылдық округте жоспарланған 1140 ауланың барлығы 132,7 га жерінің,80,2 га жерге қияр, 27,2га жерге қызанақ, 25,3 га жерге картоп егілді. 2019 жылмен салыстырғанда 76 гектарға (512 аула) ұлғайған. Кооператив ауыл тұрғындардың үй іргесіндегі 1140 ауланың ішінен 128 аулаға (әр ауланың жерін айдау, тырмалау 3500 теңге), жылпы 448 000 теңгеге ауыл шаруашылығы техникаларымен қызмет көрсетті. Жалпы үй іргесінен жиналған өнім 868,6 тонна.Қияр 426,6 тн, қызанақ 252 тонна, картоп 190 тонна. Жиналған өнімнің 510 тоннасы ішкі тұтынуына жұмсалынса, 358,6 тоннасы сауда орындарында және еркін саудада сатылды. 2023 жылы 1224 аула, 37 га қияр, 25,8 га қызанақ, 17,3 га картоп, 4,2га баклажан, 4 га бақ, 6,2 га бұрыш, 5,5 га асқабақ, барлығы 100 га жерге егін егілді. Жалпы үй іргесінен жиналған өнім 857,2 тонна. Қияр 458 тн, қызанақ 340 тонна, картоп 32,2 тонна , бақша 27 тонна өнім алынды. Жиналған өнімнің 520 тоннасы ішкі тұтынуына жұмсалынса, 337,2 тоннасы сауда орындарында («Арзан», «Корзинка»сауда үйлеріне) және еркін саудада сатылды. . 2 бағыт: Мал шаруашылығын дамыту және мал сатып алу бағыты бойынша ауылдық округте 5165 мал басын сатып алуға 258 адам, 602,274 млн. теңгеге 577 бас жылқы, 2780 бас қой-ешкі, 558 бас мүйізді ірі қара, 1250 дана құс алынған. 2023 жылы мүйізді ірі қара 2290 бас, жылқы 900 бас, қой-ешкі 13900 бас, құс 17500 басты құрап, яғни мал басы өткен жылмен салыстырғанда 58% өсіп отыр. 3 бағыт. 2020 жылы Тұрғындардың ауыл сыртындағы жерін тиімді пайдалану бағыты бойынша тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлестері есебінен кооперативке 413 гектар егістік жер біріктірілген. Оның ішінде, 250 га жалға алынып, қалған 163 га кооператив мүшелерінің жерлері. 2023 жылы 192 га жерге егін егілді. Оның ішінде 100 га арпа, 50 га жүгері, 15 га жерге т.б дақылдар, 27 га жерге жоңышқа егілді. 4 бағыт:«Түймекент-2019» ауыл шаруашылық кооперативіне 85,8 млн. теңгеге алынған 18 ауыл шаруашылығы техникалары, оның ішінде 3 трактор, 1 комбайн, соқа, культиватор, дән сепкіш, дәрі бүркігіш, шөп тайлағыш, тіркеме, жүктегіш және басқа қосымша құрылғылар тұрақты пайдалананылуда. «Түймекент-2019» кооперативі 36 млн. теңге субсидия алып, қосымша 20 млн. теңге қаражат қосып, барлығы 56 млн. теңге қаражатты алынған техникалардың несиесіне төледі. Қалған 29,8 млн. теңге несиені бекітілген кесте бойынша төлеуде. Алынған техникалар үй іргесіндегі жерлерге төмен бағамен жерлерін айдалып өңдеуге қызмет етуде. «Түймекент-2019» ауыл шаруашылық кооперативінің алынған техникалардың несиесі бойынша жыл сайын 12 млн. теңге, 6 ай сайын пайыздық үстемақысы (300-500 мың теңге аралығында қаржы) төленуде. Пилоттық жобаның 5-ші бағыты бойынша бал омартасы, жылыжай, наубайхана, ұрық тазалау бағытында 4 азамат 12,941 млн. теңге несие алды. Бал омартасы іске қосылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын тұрақты жүргізуде. Алынған өнімдерді ауыл тұрғындарына және дүкендерге еркін сауда арқылы сатылуда 1 кг балдың бағасы 3000 теңге Жылыжай бойынша құрылыс жұмыстарының 90 пайыз жұмыстары аяқталған, қаражатқа байланысты іске қосылған жоқ. Себебі өзі алған несиесі құрылысқа жетпей бизнес жобасын өзгертіп, үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілген. Наубайхана іске қосылып, қазіргі таңда өз жұмыстарын жалғастыруда 1 күнде 100–150дана нан пісіріп, ауыл тұрғындарын нанмен қамтамасыз етуде. Жоңышқа ұрығын тазалау қондырғысы 2022 жылдан бастап толық қанды жұмыс істеп тұр. Қосымша биогумус (шылаушын басын көбейту) кәсібімен айналысуда. Яғни малдың қиынан табиғи минералды тыңайтқыштарды шығару арқылы тозығы жеткен жерлерді тыңайтып, химиялық тыңайтқыштардан арылу", - деді Қанат Ерубайұлы.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар