Сайлау учаскелері тексерілді
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. Осыған орай Байзақ ауданының ТЖ бөлімі сайлауды өткізу кезінде Байзақ ауданындағы сайлау учаскелерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тексерулер жүргізілді.
Сайлау учаскелерін өрт қауіпсіздігі бойынша дайындыққа келтіру үшін жергілікті атқарушы органдар және сайлау комиссияларымен бірлесіп дауыс беру учаскелері ұйымдастырылатын объектілердің мекен-жайын көрсете отырып тізім қалыптастырылды. Байзақ ауданы бойынша жалпы 39 дауыс беру учаскесі белгіленді. Олардың 8 Сарыкемер ауылында, 31 ауылдық округтерде орналасқан.
Қазіргі уақытта сайлау учаскелерінің өрт қауіпсіздігі жағадайына ТЖБ бөлімімен комииссиялық қарау жұмыстары жүргізілді. Сайлау учаскелеріне жауапты тұлғаларға өрт қауіпсіздігі қағидалары бойынша нұсқаулық ұсынылды. Тізімге енгізілген нысандар есепке алынып, олардың өрт қауіпсіздігі жағдайына, сондай-ақ авариялық-құтқару бөлімшелерінің көліктердің жетімділігі жағдайына мониторинг жүргізілді.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала