жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 22:33

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысының құтқарушыларымен әскери бөлімде оқу-жаттығу өткізілді

Жамбыл облысының құтқарушыларымен әскери бөлімде оқу-жаттығу өткізілді
ашық дереккөзі
Жамбыл облысының құтқарушыларымен әскери бөлімде оқу-жаттығу өткізілді
Жуалы ауданы , Қызыларық ауылдық округінде орналасқан №91678 әскери бөлімінде төтеншеліктер өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізді. Шараның мақсаты – адамдар көп шоғырланған нысандағы өртті сөндіру бойынша іс-қимылдарды пысықтау, өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен әскери бөлім қызметкерлерінің төтенше жағдай кезіндегі өзара әрекеттестік іс-қимылдарын ұйымдастыру және жетілдіру болып табылады. Оқу-жаттығу барысында Әскери бөлімінің асханасында ас әзірлеу барысында электр сымдарының қысқа тұйықталуы нәтижесінде жалпы ауданы 50 шаршы метрді құрайтын өрт шықты. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін әскери бөлім қызметкерлерімен ғимараттан 40 адам қауіпсіз орынға көшірілді. Бірнеше минуттан кейін шартты өрт орнына өрт сөндіру бөлімшесі жедел жетіп, зардап шеккендерді құтқару және өртті сөндіру жұмыстарын жүргізді. Шартты өрт туындаған аумақта 1 өрт сөндіру штабы мен 2 өрт сөндіру жауынгерлік бөлімшесі жұмыс атқарды. Өрт сөндірушілер 1 зардап шегушіні өрттен шығарып, аталған әскери бөлімінің медицина қызметіне тапсырды. Жалпы өрт-тактикалық оқу-жаттығуға Өрт сөндіру бөлімінен 1 бірлік негізгі, 1 бірлік арнайы техникалары, сондай-ақ 1 жедел медициналық көмек бригадасы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу барысында әскери бөлімінің өрт сөндіру бөлімшесі мен Жуалы ауданы №7 өрт сөндіру бөлімінің өзара іс-қимылдары жан-жақты пысықталды. Сондай-ақ, тиісті нұсқаулар айтылып, шара жоғары деңгейде өткізілді деп бағаланды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар