дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 20:35

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Семейге жаңа әкім тағайындалды

Семейге жаңа әкім тағайындалды
Фото: gov.kz
Бұл туралы Абай облысының әкімдігі мәлімдеді

Семей қаласының әкімі қызметіне Талғат Мұратов тағайындалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл тағайындау туралы бүгін, 23 желтоқсанда қалалық мәслихаттың кезектен тыс сессиясы барысында белгілі болды.

Талғат Батырұлы Мұратов 1972 жылы 28 қаңтарда Алматы облысында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. 2007 жылы Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясын «Сарапшы-бағалау», 2015 жылы Қазақ инновациялық университетін «Құқықтану», ал 2018 жылы Қазақ қатынас жолдары университетін «Техника және технологиялар» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1993 жылы Семей қаласындағы «Стройдеталь» компаниясының атқарушы директоры болып бастаған. Кейін «Семей Сельхозтехника» ЖШС-де экономист, «Комфорт-Экспресс» ЖШС директорының орынбасары, сондай-ақ «Тау-кен металлургия жабдықтарының конструкторлық бюросы» ЖШС филиалының директоры болып жұмыс істеді.

2012-2014 жылдары - «Шығыс Самғау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары. 2014 жылғы мамырдан қыркүйекке дейін - «АТФ Банк» акционерлік қоғамының Семей қаласы филиалының бөлшек сауда орталығы бөлімшесінің бастығы. 2014-2015 жылдары-Бесқарағай ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы. 2016-2018 жылдары-Жарма ауданының сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің басшысы. 2018 жылдан 2022 жылға дейін – Жарма ауданы әкімінің орынбасары.

Осы тағайындауға дейін Бесқарағай ауданының әкімі қызметін атқарды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар