Елімізде
Президент Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 23 желтоқсан, 2024
- 454
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Президентке ведомство жұмысының негізгі қорытындылары мен еліміздегі отын-энергетика кешенін дамыту жоспары, сондай-ақ мұнай-газ және энергетика салаларындағы ірі жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде ақпарат берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа жылыту маусымының барысы және жылу-электрмен қамту бойынша ірі нысандардың жұмысы туралы баяндалды.
Мемлекет басшысы жылыту маусымын ерекше бақылауда ұстауды және энергетика инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысты жобаларды іске асыруды тапсырды.
Президент Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысын жеделдетудің маңызын атап өтті.
Келесі мақала
Семейге жаңа әкім тағайындалды
Ұқсас жаңалықтар
Елімізде
Елімізде ипотекалық несие алумен байланысты проблемалар саны азайған
- авторМағжан Орынбасар
- 22 қаңтар, 2025
Елімізде
Еліміздің қай өңірлерінде қылмыс көп жасалатыны белгілі болды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 қаңтар, 2025