дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 10:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Бәрін ауыстыру керек еді" – Тұрсынғали Еділов Парижге барған боксшылардың жеңілу себебін айтты

"Бәрін ауыстыру керек еді" – Тұрсынғали Еділов Парижге барған боксшылардың жеңілу себебін айтты
Сурет: Ашық дереккөзден алынды
Білікті бапкер құрамадағы кейбір спортшыларды сынға салған

Бұл туралы Қазақстан құрамасының командасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайдың «Уақыт көрсетеді»  жобасына берген сұхбатында айтқан, деп хабарлады Jambylinfo.kz.

Тұрсынғали Еділов қазақ боксшыларының Париж Олимпидасында сәтсіз өнер көрсетуінің бірнеше себебіне тоқталған.

– Ең әуелі бапкерлерге білім керек. Атта 12 жыл шаппайды ғой. Боксшыларды бет алды жарысқа не үшін жібереді. Ташкентте 4 алтын алмай-ақ, Азия чемпионаттары мен Азия ойындарына бармай, Олимпиадаға дайындалуымыз керек еді. Ол жарыстарға екінші нөмірлі жастарды жіберу керек еді»,-деді ол.

Сондай-ақ, Тұрсынғали Еділов ұлттық құрмадағы боксшыларды дұрыс іріктеуге мән беру керегін алға тартқан.

Біз Қоңқабаевтың орнына кім бар? Ешкім жоқ. Шыңбергеновтың орнына кім барады – ешкім жоқ. Бір-екі… Токио Олимпиадасынан бастап дабыл қағып, құраманы ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не керек? Құлап жүр. Жалолов нокаутқа түсірген адам оны жеңіп кетті, – дейді  Тұрсынғали Еділов.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар