Жаңалықтар
Сейсмолог наурызда жойқын зілзала болуы мүмкін екендігін болжады
- авторjambylinfo.kz
- 2 наурыз, 2023
- 436
Сейсмолог наурызда жойқын зілзала болуы мүмкін екендігін болжады
Түркиядағы жер сілкінісін болжаған сейсмолог
Франк Хугербитс биылғы наурызда жойқын зілзала болуы мүмкін екендігін айтады.
Маманның мәліметінше, 2-5 наурызда ғаламшарлар геометриясының жақындауы 3-4 наурыз бен 6-7 наурызда сейсмикалық белсенділікке әкеп соғуы мүмкін.
Салдарынан ғаламшардың 12 нүктесінде 8,5 магнитудалы жерасты дүмпулері болуы мүмкін.
«Асыра сілтеп тұрған жоқпын. Үрей тудырғым келмейді. Бұл тек ескерту. Себебі ғаламшар геометриясы сейсмикалық құбылыстарға әкелетіні рас», – деді ол.
Ол «қызыл аймаққа» енетін өңірлерді атады. Олар: Жапония, Грекия, Португалия, Индонезия, Пәкістан және Солтүстік Американың бір бөлігі мен Ресей.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз