сенбі, 23 қараша, 2024 12:41

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды

Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды
ашық дереккөзі
Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдіктінің сыбайластары анықталды
ҚР Ішкі істер министрлігі және Ұлттық қауіпсіздік комитеті ведомствоаралық жедел-тергеу тобы бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдеріне шабуылдар ұйымдастыру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді жалғастыруда, – деп хабарлайды Жамбылинфо Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. Ұсталған О.Токарев өзінің кінәсін мойындады және тергеуге көмектесуге келісті. Оған басқа шетел азаматтары – К.Литвиновтің, С.Шаповаловтың, Б.Демченко мен Я.Малышоктың белсенді көмек көрсеткені анықталды. Токаревтің өзі ұйымдастырушы және үйлестіруші ретінде, ал топтың басқа қатысушылары – Литвинов, Шаповалов және Демченко рекрутерлер рөлін атқарып, Қазақстан азаматтары арасынан арандатуды тікелей іске асырушыларды, яғни «қабандар» деп аталатын орындаушыларды іздеумен және қылмыстық әрекетке тартумен айналысқан. Сондай-ақ олар ашық ақпараттық дереккөздерден жәбірленушілерге қатысты мәліметтерді жинаған. Мемлекеттік ақпараттық деректерге рұқсаты бар тұлғаларды іздестірген. Токаревпен бірге арандатуларды іске асыру жолдарын (көліктерді өртеу, қауіп төндіру және шабуылдау) әзірлеген. Малышок хакерлік бағытқа жауапты болып (флуд, DDos, бұзу және т.б.), «Orda» және «Elmedia» сайттарына DDos-шабуылдарын өзі ұйымдастырған. «Ulysmedia» редакциясының сайтын бұзған. «Қазіргі таңда Бас прокуратурамен бірге Токаревтің сыбайластарын халықаралық іздеуге жариялау мәселесі пысықталуда. Бастамашылдарды анықтау бойынша жұмыстар жалғасуда, нәтижелері қосымша хабарланатын болады»,-делінген хабарламада. Осыған дейін ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі елімізде кейінгі кезде БАҚ өкілдеріне шабуыл жасалуына қатысты пікір білдірген болатын. «Жалпы, ақпараттық шабуылдың көбейгенін баршамыз білеміз. Осыған байланысты Мемлекет басшысы арнайы тапсырма берді. Президент орындаушылар мен тапсырыс берушілерді анықтау керектігін айтты»,-деді министр. Осы орайда ҚР Ішкі істер министрлігі журналистерге жасалған арандатушылық шабуылдардың үйлестірушісі ұсталғанын хабарлады. Журналистерге шабуыл ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған шетелдік 2 айға қамалды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар