ШҚО-да болған екі өрт кезінде 40-тан астам адам эвакуацияланды
- авторБақытжан Бекболат
- 10 мамыр, 2025
- 704
10 мамырға қараған түні Шығыс Қазақстан облысында көпқабатты екі үйде өрт болып, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Сағат 4:30 шамасында Өскемен қаласындағы Потанин көшесіндегі тоғыз қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Қатты түтін салдарынан құтқарушылар баспалдақ арқылы 20 адамды сыртқа шығарды. Тағы 14 адам, соның ішінде балалар да бар, арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен қауіпсіз жерге жеткізілді.
«Өрт 20 шаршы метр аумақта жойылып, жалынның таралуына жол берілмеді. Пәтер иесі улы газға уланған, алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, ол ТЖМ апаттар медицинасы орталығының бригадасымен ауруханаға жеткізілді», – делінген ресми хабарламада.
Риддер қаласында да бес қабатты үйдің үшінші қабатындағы пәтерде өрт шықты. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында баспалдақ арқылы 8 адам эвакуацияланды. Өрт кең етек жаймай тұрып ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда “Жасанды интеллект туралы“ жаңа заң күшіне енді
- авторСадуақас Айсұлу
- 18 қаңтар, 2026
ТЖМ Крещение шомылуы кезіндегі қауіпсіздік ережелері туралы ескертті
- авторjambylinfo.kz
- 18 қаңтар, 2026






