жексенбі, 6 қазан, 2024 10:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды

Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды
ашық дереккөзі
Шорт-тректен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан күміс жүлдегер атанды
Канаданың Монреаль қаласында шорт-тректен өткен әлем кубогі кезеңінде Қазақстан ерлер құрамасы 5 мың метрге эстафеталық жарыста күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Жамбылинфо, ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап. Құрамында Абзал Әжіғалиев, Нұртілек Қажығали, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша бар қазақстандықтар финалда Италия, Канада және Оңтүстік Корея командаларымен сынға түсті. Эстафета қорытындысында оңтүстіккореялықтар чемпион атанса, қазақстандықтар екінші, канадалықтар үшінші орынға ие болды. Пенальти алған италиялықтар жарыстан шеттетілді. Жекелей сында Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықта медаль үшін таласуға мүмкіндік беретін А финалына өте алмады. Ол В финалында екінші орынға ие болды. Ал Денис Никиша жартылай финалда пенальти алып, жарыс жолынан шығып қалды. Әйелдер арасында 3 мың метрлік эстафетада Нидерланд, Канада және Италия қыздары үздік үштікке ілікті. Қазақстан әйелдер құрамасы әлем кубогінің Монреаль кезеңіне қатысқан жоқ. Әлем кубогінің келесі кезеңі АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өтеді. Сондай-ақ желтоқсан айында Алматы қаласына да кезек тиеді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын шорт-тректен ҚР құрамасы әлем кубогі кезеңінің финалына өткенін жазған болатынбыз.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар