Жаңалықтар
Шу қаласының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді
- авторjambylinfo.kz
- 13 мамыр, 2021
- 275
Шу қаласының тұрғынынан 25 келі марихуана тәркіленді
Жамбыл облысында полиция құны шамамен 2 миллион теңгедей болатын есірткі тәркіледі.
Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының Тасөткел ауылынан 15 шақырым жерде «Suzuki» маркалы мотоциклді тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде оның жолаушысы, Шу қаласының 57 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 25 келіден асатын, ақ қапшыққа салынған «кептірілген марихуана» табылып, тәркіленді.
Ұсталған адам Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Тәркіленген есірткі 10 мың дозаға тең келетінін ескерсек, оның жолын кесу арқылы көптеген адамдардың денсаулығы мен өмірі сақталды деп айтуға болады. Күдікті аталған есірткіні сатып, пайда таппақ болған, өйткені қара нарықта кептірілген марихуананың 1 келісі шамамен 80 мың теңге тұрады», - деп атап өтті облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз