Жаңалықтар
«Шығын 52 млн теңге»: Мемлекеттік кәсіпорын салық органына жалған декларация тапсырған
- авторСадуақас Айсұлу
- 5 мамыр, 2025
- 211

Соның салдарынан бюджетке 52 млн теңгеден астам салық түспеген.
Ақмола облысының Жақсы ауданының прокуратурасы мемлекеттік кәсіпорындарға тексеріс жүргізді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz turkystan.kz сілтеме жасап
Мемлекеттік кәсіпорындардың бірі 2024 жылдың 2 және 3 тоқсанында салық органына жеке табыс және әлеуметтік салықтар бойынша декларацияларды негізсіз нөлдік мәнде тапсырған.
Прокуратура араласқаннан кейін көрсетілген сома төленді. Кінәлі тұлғалар жауапқа тартылды.