Енді жеке деректеріңіздің таралуын eGov мобильді қосымшасы арқылы тексере аласыз
- авторБақытжан Бекболат
- 5 мамыр, 2025
- 473

Nomad Guard сервисі арқылы күмәнді сілтемелер мен сайттарды тексеріп, деректердің таралу қаупін анықтауға болады, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол үшін алдымен eGov mobile қосымшасына кіріп, "Басқа сервистер" бөліміне өту керек. Кейін "Тексеру" батырмасын басып, тексергіңіз келетін сілтемені енгізіп, "Жіберу" түймесін басасыз. Нәтижелермен "Менің тексерулерім" бөлімінде танысуға болады.
Өтінім нәтижелерін өңдеу біраз уақыт алуы мүмкін. Нақты қорытындыны көру үшін "Менің тексерулерім" бөліміне өту керек.
Сонымен қатар, басты бетте бұған дейін деректер таралған сайттар мен олардың көлемі туралы ақпарат көрсетіледі. Дерек көлемін басқан кезде таралған мәліметтердің егжей-тегжейі ашылады. Қазақстандықтар өздері байқалған күмәнді әрекеттер туралы да хабарлай алады.