Жаңалықтар
Шымкентте Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты сот отырысы басталды
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 тамыз, 2025
- 481
Руслан Берденовтің өзі сот отырысына қатысқан жоқ.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандық фактісі бойынша қозғалған қылмыстық іс аясында негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Процесс мемлекеттік тілде және ашық форматта өтуде.
Сот отырысына екі мемлекеттік айыптаушы, айыпталушының жұбайы, жәбірленуші тараптың (қала әкімінің орынбасарының) өкілі және тараптардың қорғаушылары қатысты.
Оның өкілі сот барысында жәбірленушінің қазіргі уақытта ем қабылдап жатқанын мәлімдеді.
Келесі мақала



