жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:51

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қордай ауданында екі бірдей Жайлы мектеп бой көтеруде

Қордай ауданында екі бірдей Жайлы мектеп бой көтеруде
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметі мәлімдеді

 Қордай ауданында екі Жайлы мектептің құрылысы жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қаракемер ауылында 300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы аяқталған. Нысанды жаңа оқу жылы басталғанға дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Ал Қарасу ауылында дәл осындай мектептің құрылысы кестеден кешігуде.

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев құрылыс сапасына баса назар аударып, нысанды белгіленген мерзімде толығымен аяқтап, пайдалануға берілу қажеттігін қатаң ескертті.

Сонымен қатар аудан әкімдігі мен құрылыс басқармасына барлық кезеңдерді, оның ішінде абаттандыру мен инженерлік желілерге қосу жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керектігін тапсырды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар