Жамбыл жаңалықтар
Қордай ауданында су үнемдеу технологиялары тиімді іске асырылуда
- авторСадуақас Айсұлу
- 6 тамыз, 2025
- 474
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді
Қордай ауданында су үнемдеу технологияларын енгізу бағытында нақты жұмыстар қолға алынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қайнар ауылында 3 800 гектар алқапты қамтитын суару жүйесін кеңейту жобасы іске асырылды. Жоба нәтижесінде шаруалар суға уақытылы және толық көлемде қол жеткізіп отыр.
Аталған жоба аясында жылдық қуаты 5 миллион текше метрді құрайтын үш су сорғысы бар станция салынған. Сонымен қатар ұзындығы 8 шақырым болатын қысымды су құбыры тартылып, судың шығыны азайып, егістік алқаптар тұрақты сумен қамтылуда.
Бұл жоба су ресурстарын тиімді пайдалануға, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға оң әсерін тигізіп отыр.





