жұма, 5 желтоқсан, 2025 20:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Sincere Systems Group қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды

Sincere Systems Group қаржы пирамидасына қатысты іс сотқа жолданды
Фото: Сырдария ауданының әкімдігі
Қылмыстық іс сотқа жолданды.

  Қарағанды облысы бойынша Қаржы мониторингі агенттігінің департаменті “Sincere Systems Group” қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құру және басқару фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл қаржы схемасы шетелдік инвестициялық компания ретінде көрініп, азаматтарға жоғары табыс әкелетін жобаларға инвестиция құюды сонымен қатар, медициналық каннабис өсіру мен сату, сондай-ақ басқа да «инновациялық» бағыттар ұсынынған.

Алаяқтық схеманы заңды әрі ашық етіп көрсету үшін жеке кабинеттері бар арнайы сайт әзірленген. Қолданушылар өз шоттарын SWP және SWCT ішкі токендерімен толықтырып, оларды фиат ақшасына айырбастай алған. Алайда, салымшылардың қаражатын күдіктілер өз қажетіне жаратқан.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 52 млн теңгеден асты.

Күдіктілердің жалпы құны 76 миллион теңге болатын жылжымайтын мүлкіне тыйым салынды. Оларға қатысты үй қамаққа алу және елден шықпау туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылды.

 

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар