сейсенбі, 1 қазан, 2024 12:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»

«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»
ашық дереккөзі
«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»
«Сіз кімсіз, мүфти мырза?»! Әлеуметтік желіде «Наурызбай қажы Тағанұлы туған жері мен білім алған оқу орынын не себепті жасырды» деген сарында бейнеролик тарап жатыр. Бейнежазба авторы оған бірнеше дерек келтірген. Ақпарат көздерінде бас мүфтидің туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы екені көрсетілген. «Ал шын мәнінде Наурызбай қажы Өзбекстанның Самарқанд облысында дүниеге келген» дейді жазба авторы. Дәлел ретінде ескі төлқұжатының көшірмесін жариялаған. Қазақстанның бас мүфтиі өмірбаянында Имам әл-Бухари атындағы Ташкент Ислам университетін тамамдадым деп көрсеткенімен, автор бұл ақпараттың да шындығына күманданған. Аталған оқу орнының қызметкерлері Наурызбай қажы осы білім ошағының түлегі екенін растамады дейді. Қазақстанның Діни басқармасы жоғарыда келтірілген деректер бір жыл бұрын белгілі болған деп, арнамызға берген ресми жауабын қысқа қайырды. Бас мүфтидің өзі осыған дейін берген сұхбаттарында да жоққа шығарған емес дейді. Наурызбай қажы Тағанұлы, Қазақстанның бас мүфтиі: - Самарқан облысы Қаттықорған қаласы деген жерде әкем қызмет істеді. Сонда тұрдық. Ол жерде үлкен Қазақ ауылы деген елдімекен болған. 200-ден астам отбасы тұрады. Тек қана қазақтар. Мен сол жерде дүниеге келгенмін. Одан кейін отбасымыз Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түлкібас ауданына қоныс аударып, әкем мені Алматы қаласына дін оқуына түсіруге алып келді. Азаматтыққа келетін болсақ, біздің кезімізде қызыл төлқұжат болатын. Мен сол төлқұжатты Түлкібас ауданынан алғанмын. Дереккөз: КТК телеарнасы
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар