сейсенбі, 1 қазан, 2024 14:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУ КӨРСЕТКІШІ

ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУ КӨРСЕТКІШІ
ашық дереккөзі
ЖОЛ САПАСЫ - ДАМУ КӨРСЕТКІШІ
Қазақстан жолдардың сапасы бойынша аутсайдер мемлекеттердің қатарынан түспей келеді.  Әлем елдерінің жол сапасын анықтайтын рейтингте Қазақстан қазір 141 елдің ішінен 93-орын алған. Жылда қазынадан қыруар қаражат қарастырылса да нәтиже жоқ. Неге? Мәселен ең сапалы жолдар жөнінен  әлемдік рейтінгтің көшін Біріккен Араб әмірліктері бастап тұр. Екінші орында Жапония. Үздік үштікті Швейцария түйіндейді. Егер салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ жолдарды салуға жұмсалатын қаржы бірдей-ақ. Тіпті асып түседі. Сараптамаға сүйенсек АҚШ-та 1 шақырым жолды салуға орта есеппен 2,4 млн доллар жұмсалады. Испанияда 1,6 млн доллар. Қытайда 1,2 млн доллар. Қазақстанда бұл сома әлде қайда көп. 1 шақырым жолды төсеу үшін 3,17 млн доллар кетеді. Онда Қазақстан неліктен көштің соңында жүр? Жолдарды пайдалану кезінде олардың сапасына көптеген факторлар әсер етеді. Жолдан өтетін көлік санының көптігі, жолға түсірілетін жүктеменің шамадан асуы, еліміздің климаттық жағдайы.   Мәселен,  Жамбыл облысында жол жөндеу жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында «Жол активтерінің сапа орталығы» белсенді жұмыс істеп келеді. Аталған орталық қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.
– Жыл басынан біздің ескертулеріміз бен материал жарамсыздығы бойынша қайта құру жұмыстары 67575 мың теңгені құрады. Оның ішінде, республикалық жолдарда – 12398, жергілікті жолдарда – 55177 мың теңге. Айта кететін жайт, 266 дананың басым бөлігі сынақтан тығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігер ұйымының жұмыстан «үнемдеуі» көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мердігерлер асфальтбетон жамылғысын нашар тығыздаған. Шынтуайтында, мердігер компаниялар жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтауы қажет, – дейді    «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» Жамбыл облыстық филиалының өкілі , «Сапа және мемлекеттік есеп бөлімің» инженері - Тойшыбай Аляхметов.
Мемлекет басшысы да аталған мәселені бірнеше рет көтеріп, жол желісінің сапасына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды деп баға беріп, қалыптасқан жағдайды реттеу үшін жүйелі шараларды қабылдауды жүктеген.
«Үкімет пен облыс әкімдіктері 2025  жылға дейін жергілікті жерлердегі жолдардың 95 пайызын жөндеп, ретке келтіруге тиіс. 2019 жылдан бастап бүкіл еліміз бойынша осы мақсатқа жыл сайын республикалық бюджеттен 50 миллиард теңге бөлінуде.  Жол құрылысына және оны жөндеуге жергілікті бюджеттен де қаржы жұмсалады. Нәтиже жоқ деп айтуға болады. Жөнделген жолдың көбі бір жыл өтпей жарамсыз болып қалады. Мұны ашық айту керек. Мердігерлер өздерінің кепілді міндеттемелерін қалай орындап жатыр? Жалпы, осы жұмысқа ұзақ жылдар бойы тек белгілі бір мердігерлер ғана қатысады. Бұл сұраққа Үкімет жауап беруі керек. Мемлекеттің тапсырысын орындаймын деп келген кез келген мердігердің басты міндеті – сапалы жұмыс. Сондықтан, оларға қойылатын талап та қатаң болуға тиіс.»- деп тапсырма берген Президент.
Рас, қазынадан қыруар қаржы бөлінсе де, жол мәселесі әлі күнге түбегейлі шешімін тапқан жоқ. Ал, жыл сайын көлігіне салық төлеп, жолдардың жөнделуіне өз қалтасынан аз да болса үлес қосатын жүргізушілер қара жолдың сапалы болғандығын қалайтыны белгілі. Десе де, жол-құрылыс саласында әлі күнге дейін бірқатар кемшіліктер мен заңбұзушылықтар тыйылмай тұр. Мәселен, «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» өңірлік филиалының қызметкерлері осы жылдың 9 айында 309 нысанға 559 рет іссапарға шыққан. Нәтижесінде жол-құрылыс материалдарының 1736 данасынан үлгі алынып, оның 266-сы нормативтік талаптарға сай келмейтіндігі анықталған. Бүгінгі таңда барлық анықталған кемшіліктер бойынша тапсырыс беруші мен мердігер ұйымдарына бас-аяғы 121 хат жолданған. Жолшылар мұндағы негізгі мәселе асфальт-бетон жамылғысын нашар нығыздауына байланысты болып отырғанын жеткізді.

– Жыл басынан біздің ескертулеріміз бен материал жарамсыздығы бойынша қайта құру жұмыстары 67575 мың теңгені құрады. Оның ішінде, республикалық жолдарда – 12398, жергілікті жолдарда – 55177 мың теңге. Айта кететін жайт, 266 дананың басым бөлігі сынақтан тығыздау коэффиценті өтпеген. Бұл жерде мердігер ұйымының жұмыстан «үнемдеуі» көрініп тұр. Бір сөзбен айтқанда, кейбір мердігерлер асфальтбетон жамылғысын нашар тығыздаған. Шынтуайтында, мердігер компаниялар жұмыстың сапасына көп көңіл бөліп, асфальтбетон жабынын орнату технологиясын қатаң сақтауы қажет, – дейді Тойшыбай Әлиахметов.

Бүгінгі таңда Қазақ елінің аумағындағы автомобиль жолдарының жалпы ұзынды­ғы шамамен 96 мың шақырымды құраса, соның жартысына жуығының жөндеуді қажет ететіні, әсіресе шалғай ауылдардағы жағ­дайдың мүшкілдігі бірқатар мәселені қайта қарау қажеттігін көрсетеді. Сондықтан қара жолдың қадірін білгіміз келсе, келер күнде емес, дәл қазір құрып бара жатқан жергілік­ті жолдардың жайын ойлайтын уақыт жеткен сияқты.  
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар