жұма, 20 қыркүйек, 2024 8:36

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сол баяғы жемқорлық»: Тәуекел Мүсілім Олимпиадада еліміз Өзбекстаннан артта қалғанына налыды

«Сол баяғы жемқорлық»: Тәуекел Мүсілім Олимпиадада еліміз Өзбекстаннан артта қалғанына налыды
Сурет:Ашық дереккөзден алынды
Актёр спорт саласындағы жемқорлықты ашық сынаған

Актер Тәуекел Мүсілім Париж Олимпиадасында Қазақстанның Өзбекстаннан төмен көрсеткіш көрсетуіне елдегі сыбайлас жемқорлық себеп болғанын алға тартқан, деп жазады Jambylinfo.kz.

Бұл туралы ол желідегі парақшасына жазған. 

“Не дейміз енді... Сол баяғы жемқорлық, сол баяғы тойымсыздар. Ал өзбек ағайындарды шын жүректен құттықтаймын",  – деп жазды актёр. 

Актер Қазақстан мен Өзбекстанның Олимпиададағы нәтижесін де салыстырды. 

Олимпиада нәтижесі бойынша Қазақстан 43 -орында, ал Өзбекстан 13-орында тұр. Ал бюджеттен бөлінген шығын көрші өзбек елінде 160 миллион доллар болса, біздің елімізде 660 миллион доллар. 

Айта кетейік, Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшылары 7 медаль (1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде) алса, Өзбекстан құрамасы 13 медаль
 (8 алтын, 2 күміс, 3 күміс) медальмен жалпы есепте 13 орынға тұрақтады

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар