жұма, 5 желтоқсан, 2025 16:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Сотталғандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өтті

«Сотталғандар арасында суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өтті
Ашық дереккөз
ҚАЖ департаментіне қарасты №58 мекемеде «Суицидтің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді. Іс-шараға Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының медициналық психологы Аленова Жадыра Ойтанбекқызы қатысып, мекеме психологтарымен бірлесе жұмыс жүргізді.

Семинар барысында сотталған азаматтарға суицидтің алдын алу жөнінде дәріс оқылып, психопрофилактикалық тренингтер мен жеке әңгімелесулер өткізілді.

Психологтар атап өткендей, суицидтің алдын алуда психодиагностикалық жұмыстың профилактикалық маңызы зор. Өзін-өзі өлтіруге бейім тұлғалар жеке, топтық және отбасылық психотерапияға мұқтаж келеді. Мұндай жағдайлардың алдын алудағы негізгі факторлар мыналар болып табылады:

1. депрессиялық бұзылулармен байланысты психикалық аурулардың болмауы;

2. отбасындағы жылы әрі қолдаушы қарым-қатынас;

3. нақты немесе формальды ойлау деңгейіне жетпеген когнитивтік қызметтің сақталуы;

4. суицидке қарсы ойдың қалыптасуына ықпал ететін мәдени және рухани-діни факторлардың болуы;

5. депрессиялық және сезімтал күйден арылу үшін жеке психотерапия жүргізу.

Аталған шара сотталған азаматтардың психологиялық саулығын нығайтып, өмірлік ұстанымдарын қалыптастыруға бағытталды.

 

№58 мекемесінің

аға инспектор-психологы,

әділет аға лейтенанты

А.Е. Аташева

 

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар