жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мерекедегі қуаныш: Мамай мен Сөгетіге таза ауызсу келді

Мерекедегі қуаныш: Мамай мен Сөгетіге таза ауызсу келді
Ашық дереккөз
Тұрар Рысқұлов ауданының Қайыңды ауылдық округіне қарасты Сөгеті және Мамай ауылдарының тұрғындары үшін ерекше қуанышқа толы тарихи күн болды. Себебі, ұзақ жылдар бойы шешімін таппай келген ауыз су мәселесі түбегейлі шешіліп, ауылдарға таза ауыз су жеткізілді.

Жалпы құны 1 миллиард теңгеге жуық қос жоба мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып, құрылыс жұмыстарын «Темір Строй Сервис и Ко» және «Пырақ-Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері атқарды.

Салтанатты шараға қатысқан аудан әкімі Ернар Есіркепов бұл жұмыстардың Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы мен 2025 жылдың соңына дейін елді мекендерді толық ауыз сумен қамту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асқанын атап өтті.

Бұған дейін тұрғындар тіршілік нәрін көше басынан тасып ішсе, енді әр үйге дейін тартылған таза судың игілігін көруде.

Ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, жаңа нысанның іске қосылуына атсалысқан азаматтарға алғыс айтып, ақ баталарын берді.

Айта кетсек, соңғы үш жылда аудан аумағындағы ондаған елді мекен орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал жыл соңына дейін тағы үш нысан — Шөңгер, Құлан және Р. Сәбденов ауылдарындағы су имараттары пайдалануға берілмек.

Осылайша, Мемлекет басшысының тұрғындарды таза ауыз сумен толық қамту жөніндегі тапсырмасы Тұрар Рысқұлов ауданында табысты орындалып келеді.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар